Мекенжай:
Қарағанды қ., Әлиханов көш., 11А
Телефон:
+7 7212 41 41 12

Біз туралы

Қарағанды филиалы «Қазсушар» РМК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, филиалдың  теңгерімінде бүкіл Қарағанды облысы аумағында орналасқан республикалық меншіктегі он үш су шаруашылығы объекті бар:

  •  жеті су қоймасы: Самарқанд су қоймасы – 253,7 млн. м3; Жартас су қоймасы – 10,5 млн. м3; Ынтымақ су қоймасы - 108,9 млн. м3; Шоқай су қоймасы – 5 млн. м3; Ащису су қоймасы – 20 млн. м3; Жезді су қоймасы – 76 млн. м3; Ақтасты су қоймасы – 77 млн.м3.

Жалпы жобалық көлемі 551,11 млн.м3 су;

  • алты магистралды канал, жалпы ұзындыңы 66,8 км оның ішінде:
  1. Сол жақ жағалаудағы Джон магистралды каналы, ұзындығы 5,44 км.
  2. Он жақ жағалаудағы Жартас магистралды каналы, ұзындығы 15,5 км;
  3. Он жақ жағалаудағы Малокамспай магистралды каналы, ұзындығы 14,56 км;
  4. Самар магистралды каналы, ұзындығы 11км;
  5. Шоқай магистралды каналы, ұзындығы 3,2 км;
  6. Жезді магистралды каналы, ұзындығы 16,8 км.

«Қазсушар» РМК Қарағанды филиалының құрылымдық бөлімшелері:

  • «Абай бөлімшесі» өндірістік телім, Абай ауданы, Жартас кентінде орналасқан. Жезқазған қаласында бөлімшесі бар.
  • «Самарқанд» өндірістік телімі, Теміртау қаласының шығыс жағында орналасқан.

Орталық кеңсе Қарағанды қ., Әлиханов көш., 11А мекенжайы бойынша орналасқан.

Жоғары аталған объекттерге қызмет көрсету үшін және өндірістік-шаруашылық қызмет жүргізу үшін Қарғанды филиалының штатында 142 адам мен 40 бірлік автокөлік, арнайы техника, машина, механизмдері бар.

Кәсіпорнында менеджменттің интеграциялық жүйесі енгізілген.

Су тұтынушылармен шарт негізінде тұрақты жұмыс жүргізіліп тұрады (50-ден астам заңи тұлға).