Мекенжай:
Қарағанды қ., Әлиханов көш., 11А
Телефон:
+7 7212 41 41 12

2016 жылдың 20-21 қазанында Азия даму банкінің миссиясымен Исмаил Наджар мырза Қарағанды облысында қалпына келтірілетін суармалы жерлеріне келіп кетті

Қарағанды облысының Әкімі Әбдібеков Нұрмухамбет Қанапияұлымен кездесу.

Қарағанды облысының Әкімі өңірдің суармалау жерлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын ондіруінде өңірдің үлкен тәжірибесі бар деп белгілеп өтті. Қазіргі сәтте осы жерлердегі жыл сайынғы өнім көлемі 200 мың тоннадан астам картопты, 40 мың тоннандан астам көкөністі құрайды. Сондай-ақ азықтық дақылдарды да өсіреді. Облыстың ірі шаруашылықтары жыл сайын өндірістік айналымға суармалау жерлерін тартуда, бірақ бұл қарқын жеткіліксіз. Жақын арадағы бес жылда Қарағанды облысына 27,9 мың га қалпына келтіру қажет.

Исмаил Наджар мырза Әкімді Азия даму банкінің талаптарымен таныстырып өтті. Жобаның мақсаты тек қана суармалау жерлерін қалпына келтіру емес, су ресурстарын басқару техникасын, үдерісі мен әдістерін жақсарту, сонымен қатар шаруа қожалықтарының әлеуетін арту бойынша техникалық көмек көрсету.

Исмаил Наджар мырза «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалының қызметкерлерімен кеңес өткізді.

«Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы директорының м.а. Д.Т.Абжанов сөйледі.

«Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы суармалау жерлерін қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін келесі жұмыстар өткізді:

  • Самарқанд су қоймасынан су беруін көбейту мәселесі шешілді;
  • Ынтымақ су қоймасының қайта жаңғыртуы аяқталғанына байланысты төмен жатқан су тұтынушыларына су беруін көбейту мәселесі шешілді.

Қарағанды облысының Әкімдігінің мәліметтері бойынша 27,9 мың га қалпына келтірілу тиіс. «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы берілген материалдарға сәйкес суармалау жерлерін қалпына келтіруінің шығындарын алдын ала есептеп сызбаларды жасады. Алынған материалдар мен бастапқы есептер кітап ретінде жиналып «Қазсушар» РМК-на және ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне ұсынылды.

«Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы Республикалық меншіктегі объекттері бойынша келесі объекттерде суармалау жерлерін қалпына келтіруді ұсынып отыр:

  • «Бұқар-Жырау ауданында Шоқай магистралды каналын қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру» объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобаны іске асыру, суармалы алқабы 500 га;
  • «Абай ауданында Самар магистралды каналын қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру» объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобаны іске асыру, суармалы алқабы 697,5 га (1 кезең»;
  • «Ұлытау ауданында Жезді магистралды каналын қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру» объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобаны іске асыру, суармалы алқабы 3028 га.

2016 жылдың 21 қазанында Исмаил Наджар мырза  суармалау жерлерін қалпына келтіру объектеріне барып қайтты:

  • «Арғын» ЖШС-не Тұзды ауыл округі (Исабеков С.С.) Бұқар-Жырау ауданы;
  • «Бірлік-2006 года» ЖШС-не Қаратомар ауыл округі (Михайлов П.В.) Осакаров ауданы;
  • Шоқай суармалау массивтің қалпына келтірелетін жерлеріне, Бұқар-Жырау ауданы «Баймырза» ауыл округіне.

Суармалы жерлерін қалпына келтіру бағдарламасының қатысушылары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің басшыларымен, аудан әкімдерінің орынбасарларымен, аудандандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларымен, ауыл әкімдерімен және басқалармен кеңес өткізіп, Азия даму банкінің талаптарымен және қандай объекттерге бірінші кезекте қаржы бөлінетін туралы таныстырып өтті.